Home Әлеумет ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА ОТТЕГІ БАЛОНДАРЫ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА ОТТЕГІ БАЛОНДАРЫ ЖЕТКІЗІЛУДЕ


Түркістан облысы аумағында жер жүзін жайлаған індетпен күрес қарқынды жүргізілуде. Бұл бағытта барлық сақтық шараларын жасау оның алдын алу жұмыстарын үйлестіру бойынша өңір басшылығы тарапынан тиісті міндеттер жүктелген. Осыған байланысты барлық аудан, қала әкімдіктері тиісті жұмыстары үйлестіруде.
Атап айтсақ, Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ауруханаға жетіспеушілікті алдын-алу мақсатында, жасанды тыныс алу үшін аса қажеттілігі туындап тұрған оттегі балондары демеушілер есебінен алынып, ауруханаға жеткізіліп беруде.
Бұл қадам өз кезегінде дертке шалдыққан науқастарға шипа жасауда таптырмас әрекет болып отыр. Шынында да аудан әкімдігінің бұл қадамын шарасыздықтан шығу жолын қарастырудағы нақты әрекетке балауға болады. Аудан тұрғындарына насихат жұмыстарын жүргізіп, осындай қолдау көрсетуді жолға қоюы шынайы қимыл деп білген жөн.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар аудан әкімдігінің тікелей бақылауында болып, жалғасын табатын болады.