Home Әлеумет НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ!

НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ!


Бүгінгі таңда елімізді алаңдатып отырған коронавирус індетінің алдын алу бойынша Түркістан облысы аумағында сақтық шараларын қатаң сақтау бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, Келес ауданы әкімдігі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде атқаруда.
Атап айтар болсақ, аудан әкімі А.Есбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтар облыстық бас санитарлық дәрігерінің соңғы №26 қаулысындағы шектеулерді аудан аумағында іске асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Нәтижесінде жұмысшы топ аудан аумағын 11 ауылдық округ, ауыл әкімдіктері жанынан құрылған жұмысшы топтар, қаулыда көрсетілген шектеулерді кеңінен түсіндіруде. Түсіндіру жұмыстары барысында сауда орындары мен кәсіпкерлік нысан өкілдеріне бас санитар қаулысының көшірмелерін таратуда. Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде түсіндіру жұмыстары қосымша дыбыс ұлғайтқыш құрылғылары арқылы іске асуда. Түсіндіру жұмыстары аудандық полиция, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері әкімдік қызметкерлерімен біріп жүзеге асырылуда.