ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қ. А. Ясауи музейі және “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Сапар орталығы құрылыстарымен танысты.
Қожа Ахмет Ясауи музейінің аумағы 3200 шаршы метрді құрайды. Құрылысты «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен “Базис – А” компаниясы жүргізуде. Ұлы тұлғаға арналған музейдің де құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылға жоспарланған.
«Әзірет Сұлтан» қорық – музейінің мәдени-тарихи Сапар орталығын да аралап келген А.Мамин алдағы жұмыс барысы және нысанның пайдалану мақсатын пысықтады.
Аталған нысандарды және “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағындағы тарихи- мәдени орындарды зерттеу, анықтау, қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ қайта жаңарту жұмыстары бойынша “Қазқайтажаңарту” РМК директоры Асылхан Сәдуов баяндады.
Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін дамыту тұжырымдамасына сәйкес келетін Израиль, Испания, Ұлыбритания, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және тағы басқа мемлекеттердің әлемге әйгілі тарихи кешендері мен музейлерін сақтау және реставрациялау тәжірибелерін мұқият зерттей отырып, ЮНЕСКО объектілері болып табылатын және жыл сайын жүздеген миллион туристерді қабылдайтын тарихи кешендерді реконструкциялаудың және қалпына келтірудің үздік халықаралық тәжірибелері қолға алынған.
«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты XI-XII ғасырларға тән «Жұма мешіті» — бүгінге дейін жеткен 40 мешіттің бірі саналады. Мешіт ғимараты бойынша михрабпен толық қалпына келтіру жұмыстарын орындау жоспарланса, бастырмаға жапсарлас салынған дуалдарды демонтаждау, құдықты қалпына келтіру және аумақты абаттандыру жұмыстары жасалмақ.
«Қылует» жерасты мешітін — қалпына келтіру жұмыстары аясында жер асты құрылысының көтергіш құрылымдары мен іргетасын нығайту, ішкі үй-жайды қалпына келтіру және іргелес аумақты абаттандыру жоспарлануда.
«Жеті Ата» қақпасынан кесенеге дейінгі аумақтың панорамалық түрін қалпына келтіру мақсатында Орталық магистральды көшелердің бірі қайта жаңғыртылса, «Дарбаза», «Мүсәллә» және «Жеті ата» қақпалары да тарихи қалыпқа енбек.
Ортағасырлық қысқы Хан ордасының тарихи орны мен сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін көрінісі, бояуы төл түріне ене отырып, тарихи және мәдени әлеуетін, Түркістан қалашығының Қазақ хандығының ірі саяси орталығы ретіндегі маңыздылығын дәлелдейді. Сондай-ақ, археологиялық жұмыстардың нәтижесінде ортағасырлық көшенің кіре беріс іздері мен Хан Ордасы қоршауының іргетасы табылды. Негізгі фрагменттер қалпына келтіріліп, басқа құрылыстарды іздестіру жұмыстары жалғастырылатын болады.
Ал, Күлтөбе қалашығы Ашық аспан астындағы музейге айналдырылады.
“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі
Аскар Мамин ознакомился с музеем Ясауи и визит центром заповедника-музея “Азрет Султан”
Премьер-Министр РК Аскар Мамин в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область ознакомился с ходом строительства музея Ясауи и визит центра Государственного историко-культурного заповедника-музея “Азрет Султан”.
Площадь музея Ясауи составляет 3200 квадратных метров. Строительство ведется компанией «Базис-А» по заказу компании “Самрук – Казына”. Завершение строительства музея запланировано на 2020 год.
В ходе посещения визит центра заповедника-музея «Азрет Султан» А.Мамин ознакомился с ходом предстоящей работы и цели эксплуатации объекта.
С докладом по изучению, выявлению и реставрации данных объектов и историко-культурных мест на территории государственного историко-культурного заповедника – музея “Азрет Султан” выступила министр культуры и спорта РК Актоты Райымкулова.
Также по реконструкции выступил Директор РГП “Казреставрация” Асылхан Садуов.
Стоит отметить, тщательно изучая опыт сохранения и реставрации всемирно известных исторических комплексов и музеев Израиля, Испании, Великобритании, Индии, Турции, Узбекистана и других государств, соответствующие концепции развития заповедника-музея «Азрет Султан», приобретен лучший международный опыт реконструкции и реставрации исторических комплексов, являющихся объектами ЮНЕСКО и принимающих ежегодно сотни миллионов туристов.
В мечети «Жума» заповедника-музея «Азрет Султан» по зданию мечети планируется выполнить полную реставрацию включая михраба, демонтаж встроенных заборов, восстановление колодцев и благоустройство территории.
В рамках реставрационных работ — подземной мечети “кылует” планируется укрепление несущих конструкций и фундаментов подземных сооружений, восстановление внутренних помещений и благоустройство прилегающей территории.
В целях реставрации панорамного вида территории от ворот «Жеті Ата» до мавзолея была проведена реконструкция одной из центральных магистральных улиц, а также ворота «Дарбаза», «Мүсәлла» и «Жеті ата».
Исторические средневековые орда Хана в том же месте и в зимний периода жизнедеятельности, отражающие видение, исторического и культурного потенциала, крупный политический центр как подтверждает Казахского ханства Туркестан. Кроме того, в результате археологических работ найдены следы средневековой улицы, а также фундамент ограды Ханской Орды. Будут восстановлены основные фрагменты, продолжены поисковые работы других сооружений.
Городище Культобе станет музеем под открытым небом.
Пресс-служба Государственного историко-культурного заповедника-музея” Азрет Султан”