Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы – Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы қалалық бөлімдерінде (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуынмен, азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық қабылдаудың кестесі бекітілген.

Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Арыс қалалық бөлімінде қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдауда Арыс қалалық әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдерінің мамандары қатысып, тұрғындарға тұрғын үй сертификаттарын беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және әлеуметтік көмектер бойынша консультациялық кеңестер берілді.

Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.