«Бекзат» мөлтек ауданы Түркістан қаласы үшін аса маңызды аумақтар қатарында екені айтпаса да түсінікті. Облыс орталығы мәртебесін иемденгеннен бері аталған ауданда көптеген нысандар бой көтеріп, инфрақұрылым қалыпқа келтірген. Жуырда ғана тұсауы кесіліп, пайдалануға берілген 900 метрлік сквер де «Бекзат» мөлтек ауданының көркін кіргізіп, ажарын аша түскендей. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Рашид Абатұлы жауапты мамандарға бірнеше ескертулер жасап, көгалдандыру жұмыстарын күтіп ұстауды ерекше тапсырды.
Аталған сквер қала қонақтары мен тұрғындарының демалуына өте қолайлы етіп жасалған. Мұнда бастырмалар, блаларға арналған ойын алаңшалары, шағын теннис үстелі, кәуәп пісіруге арналған бастырмалар мен спортпен шұғылдануға арналған алаң бой көтерген. Келушілерге де тазалық сақтап, жасалған жұмысқа ұқыптылықпен қарау талап етіледі. Алдағы уақытта сквер ұсындығын тағы да 600 метрге ұлғайту көзделген. Бұл жұмыс тұрғындар ыңғайлылығы үшін қолға алынбақ.