Home Қоғам ТҮРКІСТАН: Киелі шаһардың демалыс орындары көбейіп жатыр

ТҮРКІСТАН: Киелі шаһардың демалыс орындары көбейіп жатыр

Қарт қала Түркістанда демалыс орындарының саны апта сайын артуда. Кезекті сквер «Бекзат» мөлтек ауданында бой көтерген. Жалпы аумағы 900 метрлік скверде теннси үстелі, балалар ойын алаңшасы, кәуәп пісіруге арналған бастырмалар мен спортпен шұғылдануға арналған алаңша оырн тепкен. Аталған демалыс орнында азаматтар өз уақыттарын көңілді, әрі тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Мұнда кез-келген адам келіп, пайдалауға құқығы бар.

Жақын арада сквердің аумағын үлкейту де жоспарға алынған. Дәлірек айтсақ, тағы да 600 метрлік сквер жалғасының құрылысын бастау көзделген. Ашылу салтанатына қатысқан шаһар басшысы Рашид Абатұлы Аюпов отырғызылған ағаштар мен көгалдарға үлкен ұқыптылықпен қарауды және шие, өрік. Алма сынды жеміс-жидек ағаштарын егуді тапсырған.

Мұндай демалыс орындарының саны қасиетті Түркістан төңірегінде өте көп. Дәл қазіргі уақытта құрылысы жүрып жатырған қалалық және желілік саябақтар да шаһар ажарын ашар нысандарға айналарына күмән жоқ.