Home Қоғам ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ТУРАЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН МУРАЛ САЛЫНДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ТУРАЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН МУРАЛ САЛЫНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өткен жылы парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа әдісі ретінде еліміздің қалалары мен ауылдарының орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің  қасбетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар салу туралы бастама көтерілген болатын.

Бұл игі үрдіс Түркістан облысында да жүйелі қолға алынып, бүгінгі күні киелі өңір сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мінез-құлықтың жарқын үлгісін қалыптастыру мақсатында муралдар саны толығуда.  

Атап айтсақ, осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі мен аудан әкімдігінің қолдауымен Төлеби ауданында қазақтың даңқты батыры, Кеңес Одағының қаһарманы Бауыржан Момышұлының даналық сөзімен кескінделген жаңа мурал салынды.    

  
Ауданға қарасты тұрғын үйдің қасбетіне салынған муралда өр рухты батырдың “Адал болмай, азаматпын демегін”
  деген терең тәрбиелік мән-мазмұнға, адалдық қасиетіне ие даналық сөзі жазылған.  

Айта кетсек, мұндай муралдар өңіріміз бойынша ең алғаш болып Түркістан қаласында қолға алынып, түркі әлемінің төл перзенті Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты сөздерімен үндескен мурал жаңа көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне салынған болатын.