Home Басты жаңалықтар Түркістандық тұрғын құс шаруашылығын дамытуда

Түркістандық тұрғын құс шаруашылығын дамытуда

Түркістандық тұрғын өз кәсібін дамыту мақсатында Толыбаев Рустем Абайұлы құс шаруашылығын дамытуды қолға алған.

Кәсіпкер бұл мақсатта «Қанат» ЖШС-н іске қосып, 5,6 га жеріне 1000 бас күркетауық өсіруде.”Құс шаруашылығы – қазіргі кездегі ең табысты кәсіптердің бірі. Күркетауық өсіру – қиын шаруа емес, әрі пайдалы. Құсты күтіп-бағу үшін таза ауа, нәрлі тағам, ішетін суы таза болуы керек. Үй жағдайында күркетауықты ұстауға арналған аймақ үлкен болғаны дұрыс. Себебі, күркетауықтар шексіз кеңістікте өмір сүруді жөн көреді. Сонымен қатар, «тауық синдромына» байланысты жұмыртқаны алу үшін оны ұядан шығаруға тура келеді. Бұдан бөлек, диетадағы дәрумендердің дұрыс болмауы немесе жетіспеуі әр түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Егер бәрі дұрыс жасалса, құстардың еті мен жұмыртқасы көп болады”, – дейді кәсіпкер. Бүгінгі күні шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде 15 адам еңбек етеді . Алдағы уақытта күркетауық санын арттырып, күркетауық етін өндіруді жоспарлауда.