Home Басты жаңалықтар Түркістандық спортшылар жүлделі оралды

Түркістандық спортшылар жүлделі оралды

Тамыз айының 13-14 күндері аралығында Ресей федерациясының Уфа қаласында грэпплинг ги және грэпплингтен жастар, жасөспірімдер және жас жеткіншектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа әлемнің әр түкпірінен ең мықты спортшылар жиналған. Осы жарыста еліміздің намысын түркістандық спортшылар 4 қола медальды қанжығаларына байлады. А

тап айтар болсақ, жүлдегерлер арасында грэпплинг гиден жас жеткіншектер арасында 110 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Жахан Рауан, жастар арасында 92 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Құттымұрат Батухан сынды спортшыларымыз бар.