Home Басты жаңалықтар Түркістан: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы деректі фильм жарық көрді

Түркістан: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы деректі фильм жарық көрді

Түркістан облысында «Әлеуметтік желі: пайдасы мен зияны» атты жаңа деректі фильм жарық көрді. Фильмде қазіргі таңдағы актуалды тақырып, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны баяндалады.

https://youtu.be/sYn7hV3M8uk

Әлеуметтік желінің бүгінгі күні адам өмірінің бір бөлшегіне, гаджеттер мен смартфондар айнымас серігіне айналғаны жасырын емес. Әлеуметтік желі пайда болып, қарқынды дамығаны соншалық, әлеуметтік желіге байланысты жаңа мамандықтар да пайда болды.

Фильмде ІТ саласының маманы интернет дәуіріндегі әлеуметтік желінің рөлі туралы, оның пайдасы мен зияны туралы тұщымды сұхбат берді.

Сондай-ақ, журналистика саласы қазіргі таңда әлеуметтік желімен тығыз байланысып, дәстүрлі журналистика онлайн журналистикаға ойысып бара жатқаны туралы кәсіби журналисттің пікірі келтірілген.

Фильмде білім беру саласына да әлеуметтік желі етене араласқаны, онлайн оқытудың баланың сапалы білім алуына және психологиясына тигізетін әсері туралы мектеп мұғалімі баяндайды.

Деректі фильмде әлеуметтік желідегі СММ атты жаңа мамандықтың маманы әлеуметтік желі арқылы табыс табу және әлеуметтік желідегі мәдениет туралы айтып, СММ мамандығының қыр-сырымен таныстырады.