Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІЛЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІЛЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданының имамдары мен еріктілері құрған «Дән-Ек» қоры жалғызбасты анаға баспана сыйлады. Айдынгүл Дауленова үйсіз жүргеніне 11 жыл болған. Бүгінге дейін пәтер жалдап келген кейіпкер үйлі болуға бірнеше рет әрекет жасап көргенін айтады. Алайда, тапқан табысы азық-түлік пен киім-кешектен артылмапты.«Өзім қара жұмыс істеймін. Былайша айтқанда егістікке шығып, помидор картоп жинаймын. Күндігіне мың жарым теңге табамын. Осындай қиындықпен жылдарды өткіздім. Тіпті кейде үйге от та жақпайтын күндеріміз де болған. Өзімнің екі ұлым, бір қызым бар. Ал, енді бүігінгі қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Осындай қайырлы іс жасап, көмек берген жомарт жандарға рақметтен басқа айтарым жоқ», – деді А.Дауленова.Бұл «Дән-Ек» қорының мұқтаж жанға ұсынып отырған алғашқы үйі. Алдағы уақытта көмекке зәру азаматтарға мейлінше қол ұшын созуға ниетті екенін жеткізді еріктілер. Айта кетейік, Түлкібас ауданында 1200 көпбалалы ана үй кезегіне тұрған. Жергілікті билік өкілдері алдағы уақытта кезектегі барлық отбасын кезең-кезеңімен баспанамен қамту жоспарланғанын жеткізді.