Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУЫР ЖҮК ТИЕГЕН КӨЛІКТЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: АУЫР ЖҮК ТИЕГЕН КӨЛІКТЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен және “Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі менеджерлерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – көктемгі мезгілде артылған жүгі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының республиканың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жүруіне уақытша шектеулер енгізілетініне байланысты жүк тасымалдаушыларға түсініктеме жұмыстарын жүргізу.

Түсіндіру жұмыстары барысында ауыр жүк көліктерін жүргізетін көлік жүргізушілеріне “Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі тарапынан «Сапалы жол – адалдық алаңы” жобасы кең көлемде түсіндіріліп, жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – айрықша маңызға ие екені жеткізілді.

Алдағы уақытта жобалық кеңсе мен инспекция тарапынан көлік саласындағы заңнама талаптарын бұзуды болдырмауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады.