Home Әлеумет ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНАН БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТТЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНАН БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТТЫ

Жыл басынан бастап Түркістан қаласында қызметін бастаған «Тұрғын үй сату бойынша қызмет» орталығы қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күні орталық «Bank RBK-мен» толықты. Бұған дейін азаматтар «Отбасы банкі» АҚ, екінші деңгейлі банктер: «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбер банкі» АҚ арқылы тұрғын үй алу жолдарының ақпаратын алған болатын. Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында құрылысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлер (1,2 және 3 бөлмелі) 2021 жылдың наурыз айынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы «Отбасы банк» АҚ, «7-20-25» бағдарламасымен ұзақ мерзімге несиеге берілуде. Түркістан қаласы әкімдігі «Құрылыс бөлімі» ММ-нің мәліметіне сәйкес, қазірде аталған орталықта 1 тоқсанда 16 үй, 2 тоқсанда 27 үй, 3 тоқсанда 22 үй, 4 тоқсанда 17 үй беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылған болатын.