Home Әлеумет ТҮЛКІБАСТА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ


Бүгінгі таңда елімізді алаңдатып отырған індеттің алдын алу жұмыстары республика көлемінде қарқынды жүргізілуде. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев аймақтағы жауапты тұлғаларға біраз міндет жүктегені белгілі. Осыған орай, Түлкібас ауданында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Атап айтар болсақ, аудан әкімі Н.Байғұттың тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігі жанынан құрылған 3 мобильдік топ облыстық бас санитарлық дәрігерінің соңғы №25 қаулысындағы шектеулерді аудан аумағында іске асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Нәтижесінде 3 жұмысшы топ аудан аумағын 5 ауылдық округ, кенттен үш бөлікке бөліп, қаулыда көрсетілген шектеулерді кеңінен түсіндіруде. Түсіндіру жұмыстары барысында сауда орындары мен демалыс аймақтарының иелеріне және басқа да кәсіпкерлік нысан өкілдеріне бас санитар қаулысының көшірмелерін таратуда. Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде түсіндіру жұмыстары қосымша дыбыс ұлғайтқыш құрылғылары арқылы іске асуда.