Home Әлеумет МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – САУЛЫҚ ҮШІН

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – САУЛЫҚ ҮШІН

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді.
Тұрғындар екі түрлі медициналық пакет бойынша көмектер алуда. Бүгінгі таңда кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүргізілуде.
Осы аталған жұмыстарға сәйкес қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен, Арыс аудандық полиция, адами әлеуетті дамыту және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арыс қаласы бойынша мемлекеттік басқармасы қызметкерлерінің, ауылдық округ әкімдерінің, аудандық аурухана, «Тораптық аурухана», зейнетақы төлеу орталығының мамандарының қатысуымен жиын өтті.
Сонымен қатар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалының директоры А.Бейсенбаев онлайн режимде жиынға қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бірқатар мәселелер қаралды.
Жиын барысында қала деңгейінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындардың тізімін жасайтын жұмыс тобын құрып, жауапты мамандарды бекітіп, сақтандырылмаған азаматтарды өзектендіруге қатысты нұсқаулық бойынша жұмыс жасап, апта сайын орындалуы туралы мәліметтерді тиісті орынға жолдау тапсырылды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» тарапынан жүйедегі өзгерістер, төлем тәртібі, жеңілдетілген санаттағы азаматтарға уақытша статус беру, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мен қолжетімділікті арттыруға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алдағы кезеңде де халықтың денсаулығын қорғау мен нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасатын табатын болады.