Home Uncategorized «Жыр алыбы – Жамбыл» – жас ақындар айтысы өтті

«Жыр алыбы – Жамбыл» – жас ақындар айтысы өтті

«Жыр алыбы – Жамбыл» – жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті. «Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты жас ақындар айтысы 2022 жылы 14 ақпан күні өткізілді. Айтыстың мақсаты мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаев шығармаларын насихаттау, оқушылардың суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарынын анықтау, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрестіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Айтысқа қатысқан өрендер Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлап, ел-жер тарихы, ауыл мәселесі, оқу мен тәрбие жайында тақырыптарда айтысты. Айтыстың қорытындысы бойынша, Төленбек Дінмұқанбет (Қайнар ЖОМ оқушысы), Қосыбай Қанат (Есіркеп батыр атындағы ЖОМ оқушысы) жеңімпаз атанып, «Жыр алыбы-Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысына қатысу мүмкіндігін жеңіп алды. Сондай-ақ, Шаян көпсалалы лицей, «Жиенқұм», С.Ерубаев, «Кеңсай», О.Тайманов, А.Нысанов, М.Әуезов ІТ, Л.Өтешов ЖОМ оқушылары жүлделі орындардан көрініп, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.