Home Uncategorized Ғылыми мақалаларын рәсімдеудің ережесі мен үлгілері

Ғылыми мақалаларын рәсімдеудің ережесі мен үлгілері

Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына және «Жаңа информатиканың жаңа мұғалімі Reboot (Қайта жүктеу)» жобасына сәйке «Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп» КММ-де 2022 жылы ақпан айының 04 күні информатика пәні мұғалімдері арасында «Информатика пәні арқылы роботтар техникасын жүргізу» тақырыбында оқыту-семинары өткізілді. Аталған семинарда, «Ғылыми мақалаларын рәсімдеудің ережесі мен үлгілері» тақырыбында АӘДБ информатика пәні әдіскері Г.Биттибаева түсіндірме жұмыстарын жүгізді. «Робототехника-болашақ бағдары», «Робототехника-білім жүйесі», «LEGO MINDSTORMS » таңғажайып әлеміне қош келдіңіз, «Робот түрлері және оларды қолдану» тақырыптарында Т. Қазақбаев, Шаян көпсалалы лицей-ЖОМ, «Қайнар», «Жүзімдік» жалпы орта мектептерінің (Е.Жолшыбеков, Ж. Аязбаева, Н.Серибеков, Б. Битуова) информатика пәні мұғалімдері баяндамалар жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.