Home Uncategorized Түркістан: Мобильді топтар қалай жұмыс істеуде?

Түркістан: Мобильді топтар қалай жұмыс істеуде?

18 шілдедегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 ауруының 176 жағдайы тіркелген. Осы және басқа да маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен ақпараттық кеңесте қаралды.

Жиын барысында өңір басшысы мобильді топтар жұмысының тиімділігі төмен екенін атап өтіп, олардың жұмысын қайта қарауды және күшейтуді тапсырды. Айта кетейік, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың көпшілігі мерекелік, отбасылық іс-шаралар кезінде қоғамдық орындарда жұқтырған.

“Аудандар мен қалалардың әкімдері мейрамханалардың, тойханалардың жұмысын бақылауға алып, түрлі іс – шаралардың өткізілуін қатаң түрде тоқтатуы керек”, – деді Ө.Шөкеев. Сонымен қатар, кеңес барысында облыс орталығын көгалдандыру және абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков сөз сөйледі. Сондай-ақ жыл басынан бері жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жолдары тыңдалды.