Home Uncategorized Төлеби ауданында дебаттық пікірсайыс турнирінің шешуші кезеңі өткізілді

Төлеби ауданында дебаттық пікірсайыс турнирінің шешуші кезеңі өткізілді

Оқушыларымыздың жан-жақты дамуы мен азаматтық белсенділігі және саяси көзқарасының қалыптасуында «Дебат» ойындарының орны ерекше. Осы орайда, аудан мектептерінде «Ұшқыр ой» алаңы жалпыұлттық мәдени білім беру жобасын іске асыру аясында Төлеби ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, №7 ІТ мектеп-лицей базасында дебаттық пікірсайыс турнирінің шешуші кезеңі өткізілді. Жобаға №1 мектеп-гимназиясы, №2 Ш.Уәлиханов атындағы жоббм, №7 мектеп-лицейі, Аудандық оқушылар үйі, «Алатау» жом, «Екпінді» жалпы орта білім беретін мектептері қатысып, АПФ форматы, яғни Америка парламенті үлгісінде өзара пікір сайыстырды. Ораторлық қабілеттерімен ерекше танылған пікірсайысшылар өз деңгейінде марапатталып, дебат жетекшілеріне Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Роза Аманованың арнайы «Алғыс хаттары» табысталды.

Атап өтсек, І орынды Алатау мектебінен «Достық» тобы, ІІ орын Ш.Уәлиханов мектебінен «Дарабоз» тобы, ІІІ орынды Екпінді мектебінен «Жалын» тобы иеленсе, №1 мектеп-гимназиясынан «Сұңқар» тобы «Ұшқыр ойлы жастар» номинациясын, №7 ІТ мектеп-лицейінен «Болашақ» тобы «От ауызды, орақ тілді» номинациясын, аудандық оқушылар үйі «Зияткер» тобы «Жігерлі жастар» номинациясын қанжығасына байлады.

«Ұшқыр ой» алаңы дебаттық пікірсайыс мәдени білім беру жобасы – бала бойына құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және ұшқыр ойлауды, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін қалыптастыруды, өзіне сенімділікті тудыратынына сеніміміз мол.

Республикалық дебаттық турнирдің облыстық кезеңіне жолдама алған дарынды жастарымызға Сәттілік тілейміз!