Home Uncategorized ТІЛ БІЛІМІНІҢ ШЫРАҚШЫСЫ

ТІЛ БІЛІМІНІҢ ШЫРАҚШЫСЫ

Қазақстанның қоғамдық тарихында айрықша орын алатын публицист, ұлттық жазудың реформаторы, ұлт ұстазы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына биыл 150 жыл. Осыған орай Арыс қалалық мәдениет үйі және №17 колледж ұжымының ұйымдастыруымен «ТІЛ БІЛІМІНІҢ ШЫРАҚШЫСЫ» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаштың ардақтысы, Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын дәріптеу. Ақынның өз заманындағы саяси қоғамдық көз қарасын таныту. Кеш барысында белсенді атсалысқан жетекшілер мен студенттерге қалалық “Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі” МК басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.