Home Uncategorized ТҮРКІСТАНДЫҚ НИЛУФАР РАИМОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ НИЛУФАР РАИМОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті.Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Ел намысын қорғаған түркістандық Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда италиялық Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті. Айта кетелік, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік сынның чемпионы атанып отыр.