Home Uncategorized СЕРПІН-2050 МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕРПІН-2050 МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ауданымыздың мектеп бітіруші оқушыларына “Серпін-2050” мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру жұмыстары ұдайы жүрігізіліп отырады.

Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы университетінен келген ұстаздар мен студенттер жалпы оқуға түсу шарттары мен Университеттің білім беру бағдарламаларын таныстырып, студенттерге деген көптеген мүмкіндіктер жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы С. Аманжолов ШҚУ ректоры М.Төлегеннің атынан “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы А.Дүйсенбековаға алғыс хат табыстады. Іс -шара барысында Сауран Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ның басшысы А.Дүйсенбекова жалпы жастар саясатындағы мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып, бітіруші түлектерге алдағы уақытта үлкен оқу орнына түсулеріне тілек білдірді. Байжуманова Лейла Толеубаеевна “Серпін” бағдарламасы бойынша оқу орнына қалай түсу керектігін түсіндіріп өтті. Бітіруші түлектердің қызығушылықтары білініп, сұрақ-жауаптармен алмасып, соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.