Home Uncategorized Мектеп кітапханаларының қоры 2 000 000 кітаппен толықты

Мектеп кітапханаларының қоры 2 000 000 кітаппен толықты

Қазақстандық оқушылар енді кітапханаларда жаңа кітаптарды оқи алады. Мектеп кітапханаларының қоры 2 000 000 кітаппен толықты. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталды. Оған мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтамасыз ету, оқушыларды кітап оқуға тарту үшін іс-шаралар өткізу, кітапханаларда қолайлы жағдай жасау, жөндеу және жабдықтау, кітапханашылардың біліктілігін арттыру сияқты бірқатар шаралар кіреді. Сонымен қатар барлық мектептерде міндетті түрде күнделікті 20 минут кітап оқу енгізілген. Елімізде барлығы 440 коворкинг-орталық жұмыс істейді.«Коллаборация» деген сөз енді ғылым және білім саласына да қатысты қолданылады. Ғылым мен білімнің интеграциясы қазақстандық жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қою арқылы байқалады. Қорытынды: кадрларды даярлауға арналған 500 бірлескен білім беру бағдарламасы, дәріс оқу және сабақ жүргізу үшін ҒЗИ-дан 300 ғалым ЖОО-ға тартылады, магистранттар мен докторанттардың ҒЗИ зертханаларына және керісінше ҒЗИ қызметкерлерінің ЖОО-лар базасына қолжетімділігі, бірегей зертханаларда тағылымдама, бірлескен диссоветтер және кадрлар даярлауға мүмкіндік туды. Мұндай өзара байланыс жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа толқынын тудырады.Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер – бұл белсенділіктің көрсеткіші әрі табысты ынтымақтастықтың кепілі. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Аризона университетінің президенті доктор Р. Роббинспен және АҚШ-тың Аризона штатындағы Өкілдер палатасының спикері Р. Бауэрспен онлайн-кездесу өткізді. Келісімнің бірнеше негізгі тұстарын атап өтейік. Білім саласы, IT, инженерия, агро-техникалық және т. б. бағыттар ағылшын тілінде жүргізіледі, шетелдік жоғары оқу орындарының ғимараттары ашылады деген уағдаластық бар. Қос дипломды бағдарламаларды дамытуға және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда Қазақстанның 45 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанып, олардың әрқайсысы 2000 АЕК (шамамен 6 миллион теңге) сыйақы алды. Педагогтерге қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды. Материалдық ынталандыру әдісі – қызметкерлерге мотивация беру, білім беру қызметінде жаңа идеяларды іздеу, әлеуметтік жағдайды жақсарту.Қазақстандық студенттер ғылымға белсене араласып, ғылым саласын дамыту мақсатында жаңа белестерді бағындырып жатыр. Педагогтерді даярлайтын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері өсімдік майынан биоотын жасап шығарды. Жас ғалымдар Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниеваның жобасы халықаралық конференцияда жүлделі орын алды. Ғылыми қызметкерлердің еңбегін бағалау қажет, өйткені олардың қызметінің нәтижелері біздің күнделікті өмірімізде үлкен рөл атқарады. Сондықтан ғылыми қызметкерлерді ынталандыру – бұл кадрларды дамытудың ерекше жолы. Осы аптада «Үздік ғылыми қызметкер-2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Алты ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды. Үздіктерге 6 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы алды. Байқаудың ашықтығына арнайы құрылған ақпараттық платформа кепілдік берді. Айта кетерлігі, жақында ғана басталған байқау алғаш рет өтті.

Ученики страны теперь могут зачитываться книжными новинками в библиотеках. Фонд школьных библиотек стал богаче на 2 000 000 книг. Работа в этом направлении продолжится и дальше. Проект «Читающая школа», созданный по инициативе Президента, включает в себя комплекс мероприятий для приобщения школьников к чтению: создание современных комфортных условий, ремонт и оснащение библиотек, повышение квалификации библиотекарей, пополнение фондов детской литературой. В стране уже функционируют 440 коворкинг-центров на безе школьных библиотекМодное слово – коллаборация теперь применимо и к научно-образовательному миру. Интеграция науки и образования отразилась в подписании ряда соглашений о сотрудничестве между казахстанскими вузами и НИИ. Итог: 500 совместных образовательных программ для подготовки кадров, 300 ученых из НИИ для чтения лекций и ведения занятий привлекаются в вузы, доступ магистрантов и докторантов к лабораториям НИИ и наоборот работников НИИ к базе вузов, стажировка в уникальных лабораториях, совместные диссоветы и подготовка кадров. Такое взаимодействие даст начало новой волне развития системы высшего образования.Регулярные встречи на высоком уровне – это показатель активности и залог успешного сотрудничества. Вице-министр образования и науки РК Куаныш Ергалиев провел онлайн-встречу с президентом Университета Аризоны доктором Р. Роббинсом и спикером Палаты представителей Аризоны Р. Бауэрсом. Вот некоторые детали договоренностей. Ожидается открытие кампусов зарубежных вузов, обучение будет вестись на английском языке по программам: «Образование», «IT», «Инженерия», «Агротехнология» и др. Особый акцент сделан на развитии двудипломных программ и проведении совместных научных исследований.Стали известны имена победителей конкурса «Лучший преподаватель вуза-2021». 150 преподавателей из 45 казахстанских вузов получили вознаграждение в размере 2000 МРП (около 6 млн тенге) и нагрудные знаки. Способ материального стимулирования – это мотивация кадров, поиск новых идей в образовательной деятельности, повышение социального положения.Казахстанские студенты активно вовлечены в науку и открывают свежие страницы в развитии исследовательского мира. Студенты «кузницы педагогов» – Казахского национального женского педагогического университета создали биотопливо из растительного масла, которое остается после готовки пищи. Разработка молодых ученых Назерке Халел и Мунисы Сайдиганиевой получила призовое место на международном форуме. Сложно переоценить труд научных работников, ведь результаты их деятельности порой играют большую роль в нашей повседневной жизни. Поэтому мотивация научных работников – это особый ключ в развитии кадров. На этой неделе состоялась церемония награждения «Лучший научный работник-2021». Триумфаторами стали 50 ученых из 6 научно-исследовательских институтов и 16-ти вузов страны. Победители конкурса получили премии в размере 6 млн тенге. Прозрачность конкурса гарантировала специально созданная информационная платформа. Кстати, конкурс в этом году проводился впервые, так как был учрежден недавно.