Home Uncategorized Дарынды оқушы – ұлт болашағы

Дарынды оқушы – ұлт болашағы

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай 25 қаңтар 2022 жылы С. Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебінде « Дарынды оқушы – ұлт болашағы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаның бойында өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу, білім сапасын арттыра отырып нәтижеге жету мақсатында өткен бұл семинар жоғары деңгейде болды.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» – деген сөзін басшылыққа алған мектеп ұжымы сабақтармен қатар домбыра, қолөнер, көркем сурет, шахмат, шашка, тоғызқұмалақ үйірмелерінің дарынды оқушыларының жұмыстарын да өз деңгейінде жүргізіп жатқанын көре алдық. «Юные театралы», «Шешендік өнер» үйірмелерінің сахналық қойылымдары мен жас ғалымдардың ғылыми жобалары да мектептегі «Дарын» бағытындағы оқушылардың қызметінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.