Home Uncategorized “Біз бәріміз біргеміз, біз бәрінде жеңеміз!” атты тақырыпта педагог-психологтардың қалалық семинары өтті

“Біз бәріміз біргеміз, біз бәрінде жеңеміз!” атты тақырыпта педагог-психологтардың қалалық семинары өтті

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес қарасты Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясында “Біз бәріміз біргеміз, біз бәрінде жеңеміз!” атты тақырыпта педагог-психологтардың қалалық семинары көңілді сайыстар түрінде өтті.

Мақсаты: Оқушылар арасындағы достық, татулық тұғырының мықты болуына ықпал ету. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйрету. Сыныпта іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға психологиялық көмек беру. Мектеп-оқушы қарым-қатынас модельдерін іздестіру. Семинарға 9, 14, 15, 16, 19, 24 мектептердің педагог-психологтары қатысты. Семинарды ашып берген мектеп директоры Тулегенов Қайрат мырза бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана—бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ екендігін айтты. Көңілді сайыс 8 “а”, 8 “г” сынып оқушылары, ата-аналары, сынып жетекшілері (Жайықбаева Айгерім, Тлемисова Үрдана) арасында ауызбірлікке, татулыққа, достыққа шақыратын эстафеталық, интеллектуалды сұрақ-жауаптар және тб.түрлерінен өтті. Шығармашылық топ мүшелері Ә.Молдағұлова атындағы 19 мектеп-лицейінің педагог-психологы Айнабекова Сағыныш, 15 “Төрткүл-төбе” жалпы орта мектебінің педагог-психологы Бекбергенова Айгүл апайлар сайыс соңында іс-шараға жоғары бағаларын беріп, қатысушыларға алғыстарын білдіріп, мақтау қағаздарымен марапаттады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омаров Тұрар семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған мектептің педагог-психологтары Балтабаева Сәуле, Сейтбекова Сәулеге, келген қонақтарға, ата-аналарға, сынып жетекшілерге, оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, бала тәрбиесі баршаға ортақ екенін және отбасында басты мәселелердің бірі–баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау—ата-ананың басты парызы екендігін айтты.