Home Uncategorized БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ІРГЕЛІ ЕЛДІҢ КЕПІЛІ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ІРГЕЛІ ЕЛДІҢ КЕПІЛІ

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі оқушыларды заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, дарындылық қасиетін дамыту, биік шыңдарға біліммен шығуға баулу мақсатында «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ІРГЕЛІ ЕЛДІҢ КЕПІЛІ» атты Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінің І орын иеленген жеңімпаздарымен кездесу және марапаттау кешін өткізді. Кешке олимпиада жеңімпаздрын құттықтау, марапаттау және қолдау үшін арнайы қонақтар қатысты:1. Асқарова Эльмира Дуланқызы – «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің директоры;2. Қабылбеков Аманкелді – ардагер ұстаз, ауданымыздың құрметті азаматы;3. Дуйсембекова Мадина Лесовна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Шымкент университеті «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі.Салтанатты бөлім басшысының міндетін атқарушы Алжан Нұртасұлы Сапарбеков ашып, барша жүлдегер иелерін құттықтап, алдағы облыстық кезеңге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жетекшілеріне алғыс айтып, осы оқушылармен дайындық жұмысын жандандыруды тапсырды.Келген қонақтар тарапынан да білім мен ғылымның қыр-сырын жете меңгереретін және еліміздің өркендеуіне үлес қосатын ұрпаққа жол көрсететін тамаша кеңестер мен тілектер айтылды.Кеште жеңімпаз оқушыларымыз «Мадақтама» қағазымен, жетекшілері «Алғыс хатпен» марапатталды.Кеш соңында оқушылардың сенімділік тудыратын тренинг өткізілді.