Home Uncategorized БӘЙДІБЕКТЕ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ

БӘЙДІБЕКТЕ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 ақпан күні С.Әбдіжаппаров жалпы орта мектеп-интернатының базасында бөлімге қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары арасында қазақ күресінен аудандық іріктеу кезеңі «Ұстаз барысы» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

Аудандық жарысқа 20-ға жуық негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары қатысты. Жарыстың қорытындысымен адами әлеуетті дамыту бөлімі мен кәсіподақ комитетінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. 2022 жылдың 17 наурыз күні Түркістан қаласында өтетін жарысқа жолдама алды. Жарыстың қорытындысымен:60 келі салмақ дәрежесінде:І орын Мырзахан Сәулет – «Жиенқұм» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ІІ орын, Назаров Әскербек – Т.Қазақбаев ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІІ орын, Утегенов Мади – «Қосбұлақ» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;66 келі салмақ дәрежесінде:І орын, Райымкұлов Болат – «Есіркеп батыр» ЖОМ, тарих, георгафия пәнінің мұғалімі;ІІ-орын, Маханов Ратбек – «Қайнар» ЖОМ, биология пәнінің мұғалімі;74 келі салмақ дәрежесінде:І орын, Спалы Абылайхан – «Майбұлақ» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІ орын, Альжанов Шынболат – «Қайнар» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;82 келі салмақ дәрежесінде:І орын, Дауылбаев Нұрлан – «Есіркеп батыр» ЖОМ, ағылшын пәнінің мұғалімі;ІІ орын, Әсемханұлы Серік – «Тұрмыс-1» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІІ орын, Кенеханов Шерхан – «Жиенқұм» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;90 келі салмақ дәрежесінде:І орын, Аманкулов Кобей – Шаян КСЛЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІ орын, Байбеков Серік – С.Ерубаев ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІІ орын, Нұрлыханұлы Талғат – Есіркеп батыр ЖОМ, информатика пәнінің мұғалімі;100 келі салмақ дәрежесінде:І орын, Нарбеков Қойшыбай – Т.Қазақбаев ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІ орын, Патсаев Мұхит – Шаян КСЛЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІІ орын, Жарқынбекұлы абай – «Тұрмыс-1» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;+ 100 келіден ауыр салмақ дәрежесінде:І орын, Рахишов Мақсат – О.Орманов ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІ орын, Беласар Төлеби – «Қайнар» ЖОМ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;ІІІ орын – Байғон Егебек – С.Әбдіжаппаров ЖОМИ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.