Home Uncategorized

ҚР БҒМ АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБА БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Аризона университетінің президенті доктор Р. Роббинспен және АҚШ-тың Аризона штатындағы Өкілдер палатасының спикері Р. Бауэрспен онлайн-кездесу өткізді.Күн тәртібінде стратегиялық серіктестік және Қозыбаев атындағы СҚУ базасында Аризона университетінің филиалын ашу мәселелері талқыланды.Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырған болатын.Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен жұмыс барысын талқылады. Аризона штаты Өкілдер палатасының төрағасы Р. Бауэрс жобаны жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді және білім беру сапасын арттырудағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.Вице-министр Қ. Ерғалиев аталған жобаны іске асыру үшін нормативтік құқықтық құжаттарда қабылданған өзгерістер туралы айтып берді. Тараптар білім беру қызметін жүзеге асыру, оқытушылық қызметке шетелдік ғалымдарды тарту тәртібін және лицензиялау мәселелерін талқылады.Білім саласы, IT, инженерия, агро-техникалық және т. б. бағыттар бойынша оқыту АҚШ-та аккредиттелген білім беру бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі деген уағдаластық бар.Негізгі басымдық қосдипломды бағдарламалар мен бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға беріліп отыр. Сондай-ақ халықаралық профессорлар мен бизнес-қауымдастық өкілдері жұмылдырылады.Енді 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Аризона университетімен бірлескен жұмысты бастау үшін стратегиялық ынтымақтастықты бекітетін нормативтік құқықтық құжатты қабылдау керек.Елімізде шетелдік оқу орындарының кампустарын ашу студенттердің сыртқа кетуін азайтып, қазақстандық жоғары білім жүйесіне әлемдік стандарттар мен жаңа әдістемелер енгізуге мүмкіндік береді. Отандық оқу орындары арасындағы бәсекелестік артады.Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрлігі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға 2021 жылы қол қойылған болатын.

МОН РК ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ С УНИВЕРСИТЕТОМ АРИЗОНЫ О РЕАЛИЗАЦИИ СОВМЕСТНОГО ПРОЕКТАВице-министр образования и науки РК Куаныш Ергалиев провел онлайн-встречу с президентом Университета Аризоны докторомР. Роббинсом и спикером Палаты представителей Аризоны Р. Бауэрсом.На переговорах обсуждались вопросы стратегического партнерства и открытия филиала Университета Аризоны на базе СКУ им. М. Козыбаева.Напомним, что ранее Президент Касым-Жомарт Токаев поручил провести работу по открытию филиалов зарубежных вузов.В ходе встречи стороны обсудили детали дальнейшей совместной работы. Спикер Палаты представителей штата Аризоны Рассел Бауэрс заявил о готовности всесторонне поддержать проект и подчеркнул важность стратегического партнерства в деле повышения качества образования.Вице-министр К. Ергалиев рассказал о принятых изменениях в нормативных правовых документах для реализации этого проекта. Стороны обсудили порядок осуществления образовательной деятельности, привлечения иностранных ученых для преподавательской деятельности и вопросы лицензирования.Имеется договоренность, что обучение будет вестись на английском языке по аккредитованным в США образовательным программам по таким направлениям, как «Образование», «IT», «Инженерия», «Агротехнология» и др. Основной акцент будет сделан на развитии двудипломных программ и проведении совместных научных исследований. Будут привлечены зарубежные профессора и представители бизнес-сообщества.Теперь предстоит принять нормативный правовой документ, закрепляющий детали стратегического партнерства и в итоге начать работу Университета Аризоны в сентябре 2022 года.Открытие кампусов зарубежных вузов позволит сократить отток студентов за границу, внедрить мировые стандарты и новые подходы в системе казахстанского высшего образования и усилить конкуренцию между отечественными вузами.Напомним, что в июне 2021 года был подписан Меморандум о сотрудничестве между Министерством образования и науки, Северо-Казахстанским университетом им. М. Козыбаева и Университетом Аризоны.