Home Спорт ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Жапония – Жапонияның Сайтаме қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Әлем Чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Тұрсынбаева алғаш болып төрттік сальхов жасап, мәнерлеп сырғанау әлемінде сенсация жасады. Төрешілер оның бағдарламасын 148 баллға бағалады. Қорытындысында Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль иеленді. Сомасында ол 224.76 балл жинап, екінші орынға тұрақтады. Алтын Алина Загитованың еншісінде – 237.50, қола медальді Евгения Медведева – 223.80 ұтып алды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиулы Элизабет Тұрсынбаеваны тарихи жеңісімен құттықтады.
«Біздің Элизабет Тұрсынбаева ӘЧ екінші орынды жеңіп алды! Қуанышта шек жоқ! ӘЧ Элизабет тұңғыш рет төрт айналымға секіру элментін орындады. Осы жеңіспен Элизабетті, оның ата анасын, Этери Тутберидзені шын жүректен құттықтаймын. Барша қазақстандықтарды біздің мәнерлеп сырғанаушымыздың сенсациялық жеңісімен құттықтаймын!»