![](http://dingek.kz/wp-content/uploads/2019/03/img-20190316-wa0047-kopirovat.jpg)
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы Тазару күнінде Отырар ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті.
![](http://dingek.kz/wp-content/uploads/2019/03/img-20190316-wa0049-kopirovat-1024x497.jpg)
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Наурыз мерекесін тоғыз күн бойы атап өту жоспарланған болатын. Мерекелік күнтізбе аясындағы «Тазару күніне» орай ұйымдастырылған «Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем» атты сенбілікке аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер қатысса, «Ауылым-алтын бесігім» деп ұрандатқан жастар белсене атсалысып, көше бойын қураған шөптер мен қоқыстардан тазартып, сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен арнайы белгіленген орындарға көшеттер отырғызды.
![](http://dingek.kz/wp-content/uploads/2019/03/img-20190316-wa0055-kopirovat.jpg)
![](http://dingek.kz/wp-content/uploads/2019/03/img-20190316-wa0056-kopirovat.jpg)
ішінде «Шәмші», «Ардагерлер», «Жастар», Арыс өзені жағалауындағы саябақтарға, Қарақоңыр, Көксарай, Талапты, Шәуілдір, Темір, Шілік, Ақтөбе, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі арнайы белгіленген орындарға, жалпы аудан бойынша 5000-ға жуық ағаш көшеттерін отырғызды