Домой Uncategorized ТҮРКІСТАН: АГРАРЛЫҚ САЛАҒА ҚАТЫСТЫ ТҰЛҒАЛАР БАС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАН: АГРАРЛЫҚ САЛАҒА ҚАТЫСТЫ ТҰЛҒАЛАР БАС ҚОСТЫ

Келес ауданының диқандары биыл жыл бойына егістікке үш рет көкөніс түрлерін отырғызып, одан мол өнім жиып алуды қолға алды. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген шаруалар табыспен шықты. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білген диқандар тәжірибе ретінде алдымен қырыққабат, одан соң картоп, ең соңында қызанақ пен қияр өсірген. Бүгінгі таңда Келес ауданы Қошқарата ауылдық округінде орналасқан «Аскар» шаруа қожалығының диқандары алғашқы өнімдерін жинап, екінші егінін жинауға қамданып отыр. Аталған тәжрибені кеңінен насихаттау мақсатында Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаевтың төрағалығымен тиісті бөлім мамандары қатысуымен аудан шаруаларының басын қосып, Техника ғылымдарының кандидаты Бердияр Есбатырұлымен аталған шаруа қожалық басында семинар кеңес өтті. Семинар кеңеске аудан аумағындағы шаруақожалық иелері мен аграрлық салаға қатысты тұлғалар қатысып өз сұрақтарын қойып, тиісті ақыл кеңестерін алды. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен осындай семинарлар тұрақты түрде жалғасуы жоспарлануда. Бір маусымда жерден үш рет өнім жиып алу аграрлық сала үшін де, шаруаға да тиімді болмақ. Өнім көлемі артады. Енді аймақта өнімдерді сақтауға арналған қоймаларды көбейту міндеті тұр. Ол үшін арнайы аграрлы индустриалды аймақ құрылды.