Домой Uncategorized ТҰРБАТТЫҚ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

ТҰРБАТТЫҚ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Е.Аманқұлов, А.Абилаханова, С.Саипов, М.Нұран партияның сайлауалды бағдарламасы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Тұрбат ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде, аудан бойынша жасалған сайлауалды бағдарлама аясында үгіт жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаның 7-ші Қауіпсіз аудан бағыты аясында кеңінен тоқталып, «Nur Otan» партиясы:
2025 жылдың соңына дейін барлық 27 ауылдың 69 көшесінде жарықдиодты шамдар мен 2 070 тірек (столба) орнатуға, оның ішінде:
• 2021 жылы (Қарабау е/м Төлеби көшесі, Тұрбат е/м Бейбітшілік көшесі, Қақпақ е/м Д.Қонаев көшесі, Жаңабазар е/м Ақабаев көшесі, Көкібел е/м Құралов көшесі, Шанақ е/м Келдібек би көшесі, Шарбұлақ е/м Қожамсейіт көшесі, Шарапхана е/м Мерей, Қасиет көшесі, Жігірген е/м Т.Мырзабеков көшесі, Қызылқия е/м Д.Болыс көшесі, Қаржан е/м Жұматаев көшесі, Рабат е/м Қонаев көшесі);
• 2022 жылы (Сынтас е/м С.Төлепов көшесі, Тұрбат е/м Жұлдыз, Бақыт көшесі, Қақпақ е/м Қазыбек би, Төле би көшесі, Үлгілі е/м Тайлақ батыр көшесі, Қызылата е/м Даулетұлы көшесі, Шанақ е/м Беққұлов, Шаттық көшесі, Қазығұрт е/м Наурыз, Жеңіс көшесі, Достық көшесі, Шарапхана е/м Әбдірайымұлы, Қошқарата көшесі, Жігірген е/м Шыршықбаев көшесі, Қызылқия е/м Аширбаев көшесі, Қаржан е/м Әлдебаев көшесі, Рабат е/м Ақжол көшесі, Қазығұрт е/м Айша бибі көшесі);
• 2023 жылы (Жұмысшы е/м Құрымбаев көшесі, Өңдіріс е/м Мұратов көшесі, Қақпақ е/м Мектеп, Ынтымақ көшесі, Ақжар е/м Құдайбергенов, Омарбеков көшесі, Ақбастау е/м Ақбастау көшесі, Маханбет е/м Шапағат көшесі, Айнатас е/м Айнатас көшесі, Айнатас е/м Жібек жолы көшесі, Қаржан е/м Келес көшесі, Атбұлақ е/м Қаппаров көшесі, Қазығұрт е/м Бегелдинов, Төлеев көшесі);
• 2024 жылы (Тұрбат е/м Гүлістан, Бостан көшесі, Қақпақ е/м Жастар, Жабаев көшесі, Жіңішке е/м Қонаев, Бірлік көшесі, Ынталы е/м Маликов, Дүйсебаев көшесі, Қосағаш е/м Сапиев көшесі, Еңбекші е/м Береке, Алаш көшесі, Қазығұрт е/м Абай, Абдалиев көшесі);
• 2025 жылы (Қазығұрт е/м Б.Момышұлы, Ырыс, Еңбекші, Жамбыл, Едилов көшесі, Шарапхана е/м Болашақ, Қазына, Ынтымақ көшесі, Заңғар е/м Түркістан, Сырдария көшесі) ықпал ететіндігін,

  • Соныемн қатар қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге;
  • тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруда кешенді жұмыстар атқаруға ықпал етіп,
  • жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шаралардың жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Кезедсу соңында сайлаушыларды 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі