Домой Спорт ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Грек-рим күремінен жасөспірімдер арасында Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінәң мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі болып өтті. Шардара қаласының спорт кешенінде өткен айтулы додаға облысымыздың түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналып, боз кілемнің шаңын шығарды. Өте қызықты әрі тартысты өткен сайыста, жерлестеріміз жоғары нәтиже көрсетіп жүлделі орындардан көрінді. Атап айтар болсақ 21 келі салмақта Қошқаров Әділет күмістен алқа тақса, 24 келі салмақта Салман Ерсұлтан ІІ орынға қолтжеткізді, 30 келі салмақта бақ сынаған Мырзабай Ержігіт Алтыннан алқа тағып І орынды ұтып алса, 35 келі салмақта Рысбай Әділет І орын алып жеңіс тұғырынан көрінсе, 30 келі салмақта Болат Мадияр ІІІ орынды қанағат тұтты. 33 келіде Мырзабай Бауыржан, 36 келіде Ордабек Азамат, 42 келіде Мінайдар Бақдаулет сынды палуандарымыз күмістен алқа алқа тақса, +50 келі салмақта бақ сынаған Сәрсенов Бекзат қоланы қанағат тұтты. Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ де жаттығатын спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай келе, алдағы жарыстарда боз кілемнің шаңын шығарар жеңімпаз бола берулерін тілейміз!!! «№4ОРМБЖСМ-ақпарат»