Домой Спорт ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРЫМЫЗ ЕРЛЕДІ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРЫМЫЗ ЕРЛЕДІ

     Өскелең ұрпаққа үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз,-деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты Кентау қалалық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен тоғызқұмалақтан қалалық біріншілік өтті.

     Бұл жарысқа қатысқан Оранғай ауылдық округі, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің шәкірттері жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, 9 жастағы кіші ұлдар арасында І орынды Сұлтанбай Рамазан алса, қыздар арасындағы сайыста Маржан Асылхан ІІІ орынға ие болды. Ал, 10-11 жастағы ұлдар арасында Бектөре Жұмахан ІІІ орынды иемденсе, 12-13 жас аралығында ІІ орынды Қазыбек Жұмахан, 14-15 жастағы ұлдар және қыздар арасында І орынды Еркін Ерназар мен Жұманазым Жұмахан еншілесе, Зейнеп Серікбай ІІІ орынға тұрақтады. Жарыста белсенді ойын көрсеткені үшін Әсел Берістем арнайы марапатқа ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальмен марапатталды.

     Оқушыларды тоғызқұмалаққа баулып, баптаған мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Д.Турметов тоғызқұмалақтың қыр сырын түсіндіріп, ақыл кеңестерін бойына беріп жүрген білікті ұстаз. Оқушылардың жеңісі ұстазымыздың жемісі деп білеміз. Еңбек жолында талмай еңбек етіп,  шәкірттерінің жеңістері көп  болсын. Алар асуларың мен шығар биіктерің,  жеңістерің көп болсын, тоғызқұмалақшылар!

Арман ҚҰЛМЫРЗА,

М.Әуезов атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.