Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ЖЕТКІНШЕКТЕР ЫСТЫҚКӨЛДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТКІНШЕКТЕР ЫСТЫҚКӨЛДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ҚОЛ КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ ЫСТЫҚ КӨЛДЕ ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДА 10 АЛТЫН, ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА 8 АЛТЫН, ЖАСТАР АРАСЫНДА 8 АЛТЫН, ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА 10 АЛТЫН, ЖАЛПЫ ШАРДАРАҒА 36 АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ҚОСЫЛДЫ.


2019 жылдың 6-11 маусым күндері Қырғызстанның Шолпан ата қаласында армрестлингтен жас-жеткіншектер,жасөспірімдер,жастар және ересек спортшылар арасындағы Азия чемпионатыны болып өтті.
Чемпионатқа Орта Азия мемлекеттерімен қоса Үндістан,Пакистан,Иран, Индонезия,Жапония,Оңтүстік Корея сынды алпауыт мемлекеттерден спортшылар қатынасты.


4 жас ерекшелігінен өткен чемпионатта Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының негізі Түркістан облысы Шардара ауданының «Шардара-Армспорт» спорт клубының спортшыларынан құралды.
Аты әлемге шыққан шардаралық спортшылар өздерінің мықтылықтарын тағы да дәлелдеп 4 жас ерекшелігі бойынша 36 алтын медальға қол жеткізді.Бұл дегеніміз Шардара қол күресі тарихына тағы да 36 Азия чемпионы қосылды деген сөз.Біз барлық жеңімпаздарды осы айтулы жеңістерімен құттықтай отырып ,қазан айында Румыния елінде өтетін әлем чемпионатында да еліміздің көк байрағын көтеріп,әнұранымызды шырқатып қайтуларына тілектес болайық ағайын.

АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ
Жас- жеткіншектер арасында (12-14 жас)
1.Зиядулла Назира
2.Жолдыбай Ақниет
3.Мәлік Арай
4.Сарымсақ Диханбай
5.Басымбек Нұрболат
6.Бекжігіт Асылжан
7.Роман Данияр
8.Асанов Айтмахан
9.Зұлпыхар Бекзат
10.Сүлеймен Мұсабек

Жасөспірімдер арасында (15-17 жас)
1.Жақып Мадина
2.Зиядулла Мақпал
3.Пірімбет Абзал
4.Есенбай Бекзат
5.Арапбай Азамат
6.Сражиддин Нұрбақ
7.Қалдарбек Нұрхат
8.Олжабек Әділет

Жастар арасында (18-20 жас)
1.Қалдыбай Меруерт
2.Абдулла Құралай
3.Нұргелді Бақдәулет
4.Қаржау Есболат
5.Көшкенбек Нұрдәулет
6.Нұрмахан Ердәулет
7. Мәлікайдар Ләззат
8. Сарыбай Ердәулет

Ересек спортшылар арасында
1.Камал Ұлбала
2.Тағабаев Берік
3.Анықбай Беймен
4.Әбілда Ержан
5.Жәдігеров Ернұр
6.Айдархан Нұрдәулет
7.Ақтаев Талғат
8.Қарсыбаев Ғалымжан
9. Әбсаттар Дәурен
10. Айтбек Бекет