Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ТАЙҚАЗАН» ТУРНИРІ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ТАЙҚАЗАН» ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті, «Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық «Тайқазан» турнирі басталды.

Спорттық шараның ашылуына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев, Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Сәкен Әбдіжаппар, даңқты спортшы Ануар Сәрсенбаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі М.Дүйсенәлі қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.

— Құрметті, жас спортшылар Түркістанға келген қадамдарыңыз құтты болсын! Еліміздің намысын әлем алдында қорғайтын болашақ даңқты спортшыларымыз өздеріңізсіздер. Баршаңыздан  зор үміт күтеміз. Бүгінгі «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының жүлдесі үшін өтіп жатқан турнирге қатысушыларға сәттілік тілеймін!,- деді Ерсін Тәжібаев.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі қарсаңында «2022 жыл — Балалар жылы» аталуына орай «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының жүлдесі үшін ұйымдастырылған жарысқа Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан 2005-2008 жылдар аралығындағы жас спортшылар  қатысуда.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының баспасөз қызметі