Домой Спорт ШАРДАРАДА ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚОЛ КҮРЕСІНЕ МОНУМЕНТ ОРНАТЫЛДЫ

ШАРДАРАДА ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚОЛ КҮРЕСІНЕ МОНУМЕНТ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қол күресінен кәсіпқойлар арасындағы әлемдік федерация президенті Игорь Мазуренкомен «Шардара Армспорт» клубындағы әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаевтың құрметіне арналған биіктігі 5 метр келетін монументтің ашылу салтанатына қатысты. Игорь Мазуренко әлемдегі ең мықты 8 спортшы ТОП 8 жарысына қатысқан Қыдырғали Оңғарбаев арқылы бүкіл Қазақстанды әлем тағы бір жақсы қырынан танығанын тілге тиек етті. Қазақ елінде қол күресінен әлемдік деңгейдегі спортшыларды дайындайтын Арман Қарсыбаевтың біліктілігіне жоғары баға беріп, мемлекет тарапынан спортты дамытуға барынша қолдау көрсетіліп отырған Шардарадан тағы да әлем чемпиондарының көптеп шығуына негіз болатынын атап өтті.
«Шардара-Армспорт» клубының темірдей тәртіпке негізделген тіршілігімен танысып,мамандардың біліктілігіне жоғары баға берген Игорь Мазуренко «Әлем чемпиондары аллеясында» ағаш көшетін отырғызып, Қыдырғалидың құрметіне берілген көкпарға қатысты.