Домой Спорт «МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ 2021 ЖЫЛҒЫ ФУТБОЛ МАУСЫМЫНА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫН

«МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ 2021 ЖЫЛҒЫ ФУТБОЛ МАУСЫМЫНА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫН

Тәжірибелі маман Масудов Вахид Юнусович жаттықтыратын «Мақтаарал» футбол клубы 2021 жылы бірінші лига клубтары арасында өтетін ҚР біріншілігінің алдында үш кезеңнен тұратын оқу жаттығу жиынын өткізіп, бірнеше рет тәжірибелі командалармен жолдастық кездесулер өткізді.Атап айтатын болсақ Шымкенттік «Оңтүстік Академиясы» 1:3 ФК Мақтаарал, Астаналық «СДЮСШОР» 1:4 ФК Мақтаарал, Тараз М 1:3 ФК МАқтаарал, «Оңтүстік Академиясы» 2:2 ФК Мақтаарал, Талдықорғандық Жетісу U21 2:2 ФК Мақтаарал, Екібастұз 0:3 ФК Мақтаарал.Біріншіліктің алдындағы тыңғылықты өткізген оқу жаттығулардың және білікті мамандардың тәжірибесінің арқасында жолдастық кездесулердің барлығын жоғары нәтижемен аяқтаған Мақтааралдық футболшылар 2021 жылғы маусымға толық құрамда дайын екенін көрсетті.Мақтаарал ауданының намысын үлкен ареналарда қорғайтын Мақтаарал футбол клубының жаттықтырушылары мен ойыншыларына алдағы маусымдағы ойындарына сәттілік тілейміз.