Домой Басты жаңалықтар «КАНЕЛО» ГОЛОВКИНМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУДАН БАС ТАРТТЫ

«КАНЕЛО» ГОЛОВКИНМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУДАН БАС ТАРТТЫ

Инсайдер Майк Коппинджер Головкин мен Альварестің арасындағы жекпе-жектің қыркүйекте болмайтынын, мексикалық боксшы қыркүйектегі кездесуден бас тартқан деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коппинджер өз блогында бұған Альварестің бақталас іздеуде қиындықтарға тап болуы немесе тізе жарақаты себеп болуы мүмкін екенін жазды.

«Канело“ 14 қыркүйек күні жұдырықтаспайды. Бұл қажетті қарсыласты іздестірудегі қиындықтарға байланысты болуы мүмкін. Алайда тізе жарақатын да ескерген жөн. Бұған дейін «Канелоның“ жекпе-жекті денсаулық жағдайына байланысты кейінге шегеретіні хабарланған», — деп жазды Майк.

Кейінірек Суаль Альварестің өзі Мексиканың тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін қыркүйек айындағы дәстүрлі жекпе-жекті кейінге шегеру туралы ресми мәлімдеме жасады.

Ол мексикалықтар үшін екі маңызды мереке өтетін маусым мен қыркүйек айларында өз мемлекетінің атынан шығып, оны танытуды құрмет санайтынын айтты.

«Бірнеше салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы ретінде мен де қызықты әрі бәсекелі жекпе-жек өткізуге жауаптымын. Сондықтан Golden Boy және менің командам күнді кейінге қалдыруды шешті», — деп түсіндірді боксшы.

Ол сондай-ақ, мұндай шешім оның жанкүйерлері үшін де дұрыс болатынын айтты.

«Біз ең үздік қарсыластармен ең үздік жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді», — деді «Канело».