Домой Басты жаңалықтар Түркістанда «Ұлы даланың дегдар тұлғалары» атты көрме-дәрісі өтті

Түркістанда «Ұлы даланың дегдар тұлғалары» атты көрме-дәрісі өтті

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың және Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Ұлы даланың дегдар тұлғалары» атты көрме-дәрісі өтті.

Түркістан қаласындағы №3 Әмір Темір және №2 Хамза атындағы жалпы орта мектептерінде ұйымдастырылған көрме-дәрісте тұлғалардың өмірі мен қызмет жолдарынан тарихи суреттер, олардың қайраткерлігі мен жарық көрген еңбектері жайлы мәліметтер қойылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көрмеге оқушылар да қызығушылық танытып, белсенділікпен атсалысты.