Домой Мәдениет Түркістан қаласында «Түркістан мақамдары» атты оқу-әдістемелік семинары өтті

Түркістан қаласында «Түркістан мақамдары» атты оқу-әдістемелік семинары өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын дәріптеуді көздейтін шараны Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев төл өнерді ұлықтап жүрген дәстүрлі әншілер семинарына қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев шараның негізгі мақсатын түсіндіріп, маңыздылығына кеңінен тоқталды. Екі күнге жоспарланған семинар арнайы әдістемелік бағдарламаға сай өткізілді.

Негізгі мақсат — оңтүстіктің дәстүрлі орындау мектебін яғни терме, күйлерін өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеп, тәжірибе алмасу, облыс көлемінде өңірлік музыка мектебінің үйірмелерін ашу.

Семинарға еліміздің танымал музыка зерттеушілері, дәстүрлі музыка өкілдері мен Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардағы мәдениет ошақтарының мамандары қатысты. Басқосуда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Арқа әншілік мектебінің жалғастырушысы Ерлан Рысқали мен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Батыс Қазақстан өңірі әншілік мектебінің өкілі Айгүл Қосанова, сондай-ақ ақын, сазгер, термеші, дәстүрлі әншілер мен жыраулар өз ойларын ортаға салды.