Домой Мәдениет ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРІНЕ САЯХАТ

ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРІНЕ САЯХАТ

Бүгін Түркістан болысы Түлкібас ауданында «Тарих күніне» орайластырылған іс-шаралар жалғасы аудан орталығындағы Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жалғасты.

Нысан тарихына шолу жасайтын болсақ тарихи-өлкетану мұражайы қоғамдық негізде 1963 жылы құрылған. Алғашқы мұражай құрушылар- Симченко М.В, Салибеков Д, Левченко П.Н, Сарыбеков Н. Насан 1976 жылы мемлекеттік мекеме мәртебесін алған. 1983 жылы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі болып қайта құрылып, 2004 жылы қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 110 жылдық мерейтойына байланысты мұражай күрделі жөнделуден өткізілген. Бүгінгі таңда мұражайда 4 бөлім жұмыс істейді.

Тағылымы мол шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, Тұрар Рысқұлов бабамыздың ұрпағы Өміртай Қалұқылов, ардагерлер қауымы мен мектеп оқушылары қатысып, тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлерімен танысты.

Шара барысында қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың тікелей ұрпағы Түлкібас және Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы, сот саласының ардагері Өміртай Қалұқұлов Ұлы тұлғаның өмір жолындағы тарихи сәттерден сыр шертіп, іс-шараға қатысушыларды алдағы келе жатқан Әз-Наурыз мерекелерімен құттықтады.Сонымен қатар, мерекелік шарада қоғам қайраткерінің есімі берілген Тұрар Рысқұлов мектебінің оқушылары тарапынан сақыналық қойылымдар ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда мұражай алдындағы қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау кезеңдеріндегі өмірден озған құрбандарды еске алуға және бүгінгі беибіт өмірдің маңыздылығын сомдайтын 4 мемиориалдық ескерткіштер орнатылған. 2004-2006 жылдары ауданымызды басқарған қоғам қайраткері Д.Мыңбайдың бастамасымен орнатылған ескерткіштердің құрылу тарихына қысқаша тоқталып өтетін болсақ;

Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш. Авторы Иляев Сұлтан, орындаушы Атабеков Саид. 1923-1933 жылдары Қазақ даласында 2 млн 300 мың адам ашаршылыққа ұшырап, теріс саясаттың құрбандары болған.

Саяси қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткіш. Ескерткіш авторы Иляев Сұлтан, орындаушы Атабеков Саид. Қазақстанда 1937-1938 жылдары қуғын – сүргін жоғары дәрежеде жүргізілді. Қазақтың көптеген зиялылары сотсыз үштіктің шешімімен жазықсыздан-жазықсыз атылды. Олардың қатарында алаштың ардақтылары Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және т.б болған.

Ауған соғысының құрбандарына арналған ескерткіш. 10-жылға созылған сұрапыл соғысқа ауданымыздан 72 азамат қатыстып, соның жетеуі сонда шейіт болып, біреуі із-түссіз жоғалған.

Тәуелсіз елдің ұрпақтарына орнатылған «Аманат» ескерткіші. Мұндағы ақ бесік – жаңа өмірдің белгісі болса, ана білезігімен күміс қоңырау- бейбіт заманды білдіреді. Бұл композициялық шешімнің идеясын ұсынған Д.Мыңбай, орындаушы – Смайыл Баялиев.