Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДЫҚ «ТҰМАР» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ «ТҰМАР» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында мән-мағынасы терең, өскелең ұрпаққа рухани-тәрбиелік маңызы жоғары, қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнерін насихаттау, жаңа мейрам – Ұлттық домбыра күнін ұлықтау аясында Тараз қаласында І Республикалық «Көне Тараз күмбірі» этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті.
Байқаудың мақсаты — ұмыт болып бара жатқан бабалар мұрасын қайта жаңғырту, Жамбыл облысынан шыққан композиторлардың туындыларын насихаттау, этно-фольклорлық ұжымдардың шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастырып тәжірбие алмасу, «Көне Таразды» айшықтайтын күйлер жинағын топтастыру, Жетісу әндерін жаңғырту, облыс деңгейіндегі этно-фольклорлық ансамбльдерін және олардың әнші-термешілерін таныту, шеберліктерін шыңдау, дамыту, ұлттық домбыра күнін ұлықтау болып табылады.
Аталған байқауда Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының «Тұмар» фольклорлық ансамблі жүлделі екінші орынды иеленді.