Домой Мәдениет ТҮРКІСТАНДА «ЖАПЫРАҚ ҒҰМЫР» ЖЫР КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЖАПЫРАҚ ҒҰМЫР» ЖЫР КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасының мәжіліс залында талантты ақын Айдар Сейдәзімнің «Жапырақ ғұмыр» кітабының таныстырылымы өтті. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен әдеби кешке белгілі қаламгерлер мен БАҚ өкілдері және әдебиетсүйер қауым қатысты.

Әдеби кеште «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, танымал ақын, ел ағасы Қасымхан Бегманов Айдар Сейдәзімнің өлеңдерінде жылылық, мейірім, қазақы болмыс бар екеніне тоқталды. Автордың шығармашылығын жоғары бағалады. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кеш иесінің азаматтық болмысы мен поэзиясы биік екеніне тоқталып, ақынның Түркістанның руханиятына сүбелі үлес қосып жүргенін айтты. Рухани кеште әдебиет жанашыры, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ қызметкері Әдеміау Толысбаева ақынның поэзиясы туралы зерттеуін ортаға салды. Б. Сердәлі, Ғ.Елшібай, Ә.Әссанди, Б.Бердімұратов және өзге де әдебиетсүйер қауым жүрекжарды лебіздерін айтты.
Шығармашылық кеште А.Сейдәзімнің жырлары оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.
Әсерлі кешке жиналған қауым кітап авторының талантына ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Партия филиалы тарапынан алдағы уақытта да шығармашылық өкілдеріне қолдау көрсету жалғасады.