Домой Мәдениет ТҮРКІСТАН: «ТУҒАН ЖЕРІМ-ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «ТУҒАН ЖЕРІМ-ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Түркі дүниесінің алтын бесігі, әлемге әйгілі қасиетті де киелі, күллі түркі жұртының тарихи, рухани астанасы – Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына және Келес ауданының қайта құрылуына бір жыл толуына арналған «Туған жерім-тұғырым» атты гала-концерт өтті. Мерекелік іс-шара Келес халық театрының «Түркістанның жаңғыруы» көрінісімен бастау алды. Өткізілген мерекелік кешке ауданның әкімі Ақментай Үсенұлы қатысып, аудан тұрғындарын  құттықтауын жеткізді.  


Гала-концертке Елімізге танымал эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, Ақбота Керімбекова, Сержанәлі Әлібеков, «Наркескен» тобы және Заттыбек Көпболсынұлы қатысты. Іс-шараға келушілерге көтерінкі көңіл күй сыйлау үшін «Жайдарманның» чемпиондары «Сырдария құрамасы» келді. Ал мерекелік кеш Келес ауданының мәдениет үйінің өнерпаздары және «Келес» тобының керемет әндерімен жалғасын тапты. Мерекелік шараны тамашалаған  аудан халқы керемет мерекелік  көңіл күйге бөленгендерін айтып ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп жатты.