Домой Мәдениет «ТҮРКІСТАН –ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА АРНАЙЫ КӨРМЕ ЖАСАҚТАЛДЫ

«ТҮРКІСТАН –ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА АРНАЙЫ КӨРМЕ ЖАСАҚТАЛДЫ

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Елбасының Жарлығымен облыс орталығына айналған Түркістан қаласын қайта түлету, түркі мәдениетін жан-жақты дәріптеу үшін Түркістан облысы әкімдігі мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ұйымдастыруымен«Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты Халықарлық конференциясы өтті.
Шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Болатбек Абдрасилов, Мармара университетінің докторы,профессор Женгиз Томар, Халықаралық Түрік академиясыныңғылым бөлімінің аға сарапшысы, профессор Қадыралы Қонқобаев, Өзбекстан Ғылымдар академиясының профессоры Сарыгүл Бахадырова, халықаралық Түркология академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елінің профессор ғалымдары қатысты.

Ғылыми конференцияға қатысушылар «Ұлы даланың жеті қыры: түркі мәдениетін дамытудың өзектілігі», «Қасиетті Түркістан және діни сакралды құндылықтар», «Ежелгі массагеттер: Томирис және қарақалпақ халық эпосы «Қырық қыз», «Қ.А.Ясауидың мәдени мұрасы», «Ясауи, «пир-Түркістан» түрік елінің ұстазы», «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайы туралы» баяндамалар тыңдады.
Конференция аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және облыстық Бейнелеу өнері музейі, облыстық тарихи-мәдени- этнографиялық орталығы мен қолөнер және қылқалам шеберлерінің 100-ден аса тарихи жәдігерлерінің көрмесі өтті.
Жиынның мақсаты – Түркі тілдес әлемнің рухани астанасы – Түркістан қаласы тарихының, фольклорының, мәдениетінің халықарлық өркениеттегі маңыздылығын айқындау, тәжірибе алмасу және пікірлермен бөлісу.

Фото: Бейбит Бертаев