Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: «РӘМІЗДЕРІМ МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «РӘМІЗДЕРІМ МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Түркістан облысы  Ленгір қаласындағы Рәміздер алаңында «Рәміздерім мақтанышым» атты мерекелік акциясы өтті. Аталмыш жиында Төлеби ауданының мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров пен аудан әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп  аудан жастары мен тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекені тамашалаушылар шараны жоғары бағалап ұйымдастырушыларға алғыстарны жеткізді.


«Рәміздерім мақтанышым» атты акцияда жалау желбіреткен жастар аудан аумағын аралап, арнайы безендірілген автокөліктермен автошеру жасады.

Шеру соңы Түркістан көпсалалы техникалық колледжіндегі Ұлттық нышандар күніне арналған мерекелік концертке ұласты.
Сонымен қатар колледж базасында Төлеби ауданындағы колледждер мен спорт мектептері, Жастар орталығы қызметкерлері мен студенттер арасында волейболдан турнир өтті.