Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БІР ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ӘН ШАШУЫМ ӨЗІҢЕ, ТҮРКІСТАНЫМ!» ГАЛА —...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БІР ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ӘН ШАШУЫМ ӨЗІҢЕ, ТҮРКІСТАНЫМ!» ГАЛА — КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай мерекелік гала-концерт өтті. Бұл мереке алғаш рет тойланып отыр. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Осы күнді асыға күткен түркістандықтар «Есімхан» алаңында Түркістан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының «Ән шашуым өзіңе, Түркістаным!» атты мерекелік кешін тамашалады.

Шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру міндеті тұрғанын айтып, осы ұлы мұрат жолында әрбіріміз үлес қосуымыз керектігін жеткізді. Сондай-ақ, барша қонақтарды Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтады.
«Бүгін біз, Түркістан облысының 1 жылдығына орай ұйымдастырылған тамаша кеште бас қосып отырмыз! Дәл бір жыл бұрын Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Киелі қала – Түркістан облыс орталығы ретінде өзінің тарихи мәртебесіне ие болды. Түркістан – тарихы тереңде жатқан, түркітілдес елдердің рухани астанасы. Қ.А. Ясауи кесенесінің маңында исі қазақтың мақтаныштары хандарымыз бен саұлтандарымыз, би мен батырламыз жерленген. Осыдан-ақ қазақ елі және түркітілдес елдер үшін Түркістанның қадірлі екенін аңғарамыз. Сондықтан бүгінгі мереке – баршамызға ортақ. Облыс орталығы болғалы арада бір жыл өтті. Бұл уақыт Түркістан үшін аса маңызды кезең. Көне шаһар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді», – деді облыс әкімі.

Мерекелік кеште елімізге танымал өнер жұлдыздары ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Сейфуллин Жолбарыс, Дана Кентай, Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен, Зарина Омарова және «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.