Домой Мәдениет ТҮРКІСТАН: ӨНЕР МАМАНДАРЫ ОҚУШЫЛАРҒА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨНЕР МАМАНДАРЫ ОҚУШЫЛАРҒА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының Майшай Әбденов атындағы жалпы орта мектебінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында өскелең ұрпақтың руxани жан-дүниесінің жаңаруына ықпал ету, төл өнерімізге деген құлшынысты арттыру, әлемнің алдыңғы қатарлы музыкалық туындыларына деген қызығушылықты ояту, сонымен қатар мектеп жасындағы балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына үлес қосу мақсатында лекция мен шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.
Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның көркемсөз оқу шебері, ҚР мәдениет қайраткері — Гүлбала Әбуова, Республикалық байқаулардың лауреаты, домбырашы — Берік Сариев, қылқобыз шебері — Қайрат Рысбаев, әнші, термеші — Оразәлі Жаңабаев сынды кәсіби мамандардың қатысуымен өткен дәріске зор оқушылар ынтамен қатысып, мектеп ұжымы алғыстарын білдірді.