Домой Мәдениет ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БАТА БЕРУДЕН САЙЫС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БАТА БЕРУДЕН САЙЫС ӨТТІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы «Абдул – әкім» орталық мешітінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өскелең ұрпақты өз Отанының патриоты болуға үндейтін, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алып, қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Бабаларды еске алу және бата күніне» арналған аудандық бата беру сайысы болып өтті.Ізгі шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ташева қатысып, жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыстады.Жалпы сайысқа 9 адам қатысып, олардың ішінен суырылып шыққан Атакент кентінің тұрғыны Қожаев Абдіәкім бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, Еңбекші ауылдық округінен қатысқан Нысанбаев Алтыбайға — I орын, Жамбыл ауылдық округінен қатысқан Қасымбеков Тұрғамбайға — II орын бұйырса, III орынды Жаңа жол ауылдық округінен келген Аманқұлов Жалғас иеленді.